Республиканың 11 өңірінде өндірістің өсуі байқалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республиканың 11 өңірінде өндірістің өсуі байқалды

Республиканың 11 өңірінде өндірістің өсуі байқалды

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 102 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 691
Фото - Caravan.kz


 2013 жылғы қаңтар-тамызда 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай, темір және түсті металдар кендерін өндіру артты.

«Тамақ өнімдерінің, сусындардың, химия, машина жасау және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өндірістің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Төмендеу Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді»,-делінген агенттік мәліметінде.