Режиссер Тимур Бекмамбетов Астана сотынан Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Режиссер Тимур Бекмамбетов Астана сотынан Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұрады

Танымал қазақстандық режиссер Тимур Бекмамбетов Астана сотынан QazaqGas ұлттық компаниясының газын қайта сатудан 14,6 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Қайрат Боранбаевты үйқамаққа ауыстыруды сұрады.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 992
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бекмамбетов сотқа қорғаушы тараптың куәгері ретінде қатысқан.

"Оның әрқашан достары көп болды, оның арасында суретшілер, кәсіпкерлер, әртістер, журналистер бар. Қазір бәріміз сот процесін қадағалап отырмыз және ол әділ болады деп үміттенеміз. Біз екеуміз көп жылдан бері доспыз. Ол – шығармашыл, ізденімпаз, шынайы, адамдарға ашық, сонымен бірге жауапты әрі өте ұқыпты адам", – деді Бекмамбетов сот отырысында.

Бекмамбетовтің айтуынша, оның Боранбаевпен қаңтар оқиғасынан кейін жабылған кинотеатрдан басқа ортақ ісі болмаған.

2022 жылдың 30 желтоқсанында Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында олигархтың ісі бойынша сот процесі басталды. Олигарх өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Оның айтуынша, Qazaq Gaz құжаттары оған келісім жасалғаннан кейін 15 күннен кейін ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар