РФ Алтай аймағы мен Новосибирск облысында есірткі саудалаумен айналысқан қазақстандықтар қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Алтай аймағы мен Новосибирск облысында есірткі саудалаумен айналысқан қазақстандықтар қолға түсті

РФ Алтай аймағы мен Новосибирск облысында есірткі саудалаумен айналысқан қазақстандықтар қолға түсті

ПАВЛОДАР. 14 наурыз. Kazakhstan Today. Ресей федерациясының Алтай аймағы мен Новосибирск облысында есірткі саудаламақ болған Қазақстан азаматтары қолға түсті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресейлік құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлайды.

  • 14 Наурыз 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ) басқармасының ақпараты бойынша, Алтай аймағы бойынша құқық қорғау қызметкерлері екі қазақстандықты тұтқындаған. Олардан жалпы салмағы 3 кг 990 грамм ұнтақ салынған бес пакет табылды. «Жүргізілген сараптама бойынша ұнтақтың жоғары тазартудан өткен героин екендігі анықталды»,- деді Алтай аймағы бойынша ФҚҚ өкілдері.

Сот шешімі бойынша күдіктілер қамауға алынып, Барнаулдағы уақытша тергеу орнына жеткізілді.

Сонымен қатар жуырда Новосибирскіде тағы да екі Қазақстан азаматы қолға түскен. Олардан 1,6 кг гашиш тәркіленді. Есірткі сатушыларды РФ Новосибирск облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызмет басқарамасы арнайы операция жүргізу арқылы құрықтаған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұтқындалғандар осы аймақта гашиш таратумен айналысып жүрген қылмыстық топтың басты өкілдері. Күдіктілер тергеушілерге мұнда құрылыста жұмыс іздеп келгендіктерін айтты.

Қолға түскеннен кейін жігіттер айыптарын мойындарына алды. Қазір олар тұтқында отыр»,-деді баспасөз қызметіндегілер.

ҚР азаматтарының үстінен РФ ҚК 228 бабы /ірі көлемді есірткі заттарын тартату/ бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті