Жарияланды: 380

РФ президенті ШЫҰ-ның Астанадағы саммитіне қатысады

Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведев Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды РФ президентінің баспасөз қызметі.

«14-15 маусымда Дмитрий Медведев ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттері басшылары кеңесінің отырасына қатысады», - делінген жұма күні Кремльдің ресми сайтындағы ақпаратта. Бұрын хабарланғандай, 30 маусымда Дмитрий Медведев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшылары маусым айының ортасында Астанада өтетін ШЫҰ саммитіне дайындық мәселелері бойынша пікір алмасып, келешекке байланыс жоспарларын талқылады. ШЫҰ - 2011 жылдың басында Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым. ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін