РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло елімізге ресми сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло елімізге ресми сапармен келеді

РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло елімізге ресми сапармен келеді

Бүгін, 9-ақпанда РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Рушайло Астанаға ресми сапармен келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Ақпан 2004
  • 406
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында В.Рушайло Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов, ҚР ішкі істер министрі Зауытбек Тұрысбеков, қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев, ҰҚК төрағасы Нартай Дүтбаевпен кездесіп, келіссөздер жүргізеді.

Екі жақты ынтымақтастық жоспары аясында жүзеге асырылатын бұл сапар барысында соңғы кездері тосыннан төне бастаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру шараларын ойластыру мақсатымен Қазақстан мен Ресейдің өзара ынтымақтастығы туралы талқыланады деп күтілуде.