Жарияланды: 400

РФ үкіметі Орал мектептеріне 106 мың оқу құралын сыйға тартты

Қазақстандағы Ресей жылы шараларының аясында Ресей үкіметі Орал мектептеріне 106 мың оқу құралын сыйға тартты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ресейдің Оралдағы консулдық қызметінен хабарлады.

РФ-ның Оралдағы консулы Дмитрий Романовтың айтуынша, осынау қайырымдылық мақсаттағы шараның нәтижесінде Оралдағы 35 мектепке оқу құралдары, көркем әдебиет пен түрлі пәндер бойынша дидактикалық материалдар берілді. Консулды қызметкерлерінің айтуынша, бұл жұмыс биылғы жыл бойы жалғасып, балаларға арналған кітаптардың тағы бір топтамасы жеткізілуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін