Риддер қаласының тұрғыны жасырын түрде енесінің атына несие алып отырған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддер қаласының тұрғыны жасырын түрде енесінің атына несие алып отырған

Риддер қаласының тұрғыны жасырын түрде енесінің атына несие алып отырған

Күйеуінің ата-анасымен бірге тұратын әйел енесінен жасырып, оның атына несие алып отырған.

  • 5 Қараша 2017
  • 236
Фото - Caravan.kz

Бір жарым жыл бойы 31 жастағы Риддер тұрғыны күйеуінің анасының құжаттарын өз мақсатына қолданып келген. Ол интернет арқылы түрлі шағын несие беретін ұйымдардан енесінің атына несие рәсімдеген. Олардың жалпы сомасы жарты миллион теңгеден асады, – деп хабарлайды Риддер қалалық сотының материалдарына сілтей отырып Stan.kz сайты.

Әйел біраз уақытқа дейін ай сайынғы төлемді уақытылы төлеп келген. Уақыт өте келе белшесінен қарызға батқан. Жалпсы сомасы 60 мың теңге болатын екі шағын несие бойынша шамамен 80 мың теңге қарызданған. Мұнан кейін несие берушілер енесіне хабарласып, қарызын қайтаруды талап еткен. Басы бәлеге қалған енесі болған іске келінінің қатысы бар екенінен сезіктенген.

Енесі келінінің қарызын қайтарып, полицияға шағымданған. Алдау арқылы мүліктік шығын келтіру факті бойынша қозғалған іс сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша, әйелге 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар материалдық залал келтіргені үшін,енесіне несиеге алған ақшаны толықтай қайтарып, моральдық залал ретінде 50 мың теңге төлеуі тиіс.


Сот процесі барысында енесінің атында тағы да екі несие бар екені анықталған. Олардың жалпы құны 130 мың теңгеден асады. Тағы бір сот процесі өтіп, әйелге 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар