Риддерде көп қабатты тұрғын үйлер қайта салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риддерде көп қабатты тұрғын үйлер  қайта салына бастады

Риддерде көп қабатты тұрғын үйлер қайта салына бастады

СЕМЕЙ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Риддерде (Шығыс Қазақстан облысы) 20 жыл өткеннен кейін көп қабатты тұрғын үйлер қайта салына бастады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Риддер әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Тамыз 2007
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Риддер мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қосылды. Қалада 20 жылдан бері көп қабатты тұрғын үйлер салынбаған»,- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Бірінші нысан қаланың 4-ші ықшамауданындағы 60 пәтерлі жаңа тұрғын үй болып табылмақ. Үйдің құрылыс алаңын ресми ашу салтанатты түрде өтті. «Осы тұрғын үйді салу тұрғын үйдің жетіспеушілігіне қатысты өзекті проблеманы жартылай болса да шешуге көмектеседі, пәтерлер үшін 303 адам кезекте тұр. Пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік қорғау санатындағы азаматтарға берілетін болады»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ осы жылы Риддерде бұрынғы № 7 жатахананы жаңалау жоспарлануда, онда 70-тен астам пәтер болады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті