Рим қаласында лауазымды тұлғалардың қатысы бар жемқорлық істер ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рим қаласында лауазымды тұлғалардың қатысы бар жемқорлық істер ашылды

Рим қаласында лауазымды тұлғалардың қатысы бар жемқорлық істер ашылды

Рим қаласының мэрі Иньяцио Марино қалаға қатысты барлық келісім-шарттарды тексеру туралы тапсырма берді.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 310
Фото - Caravan.kz


Өйткені, полиция қала басшылығындағы лауазымды қызметкерлердің қатысы бар бірнеше сыбайлас жемқорлық істі ашты, деп хабарлады ВВС. 

Мұндай мәлімдемені Марино Итальяның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өкілдерімен өткен кеңестен кейін мәлімдеді.
Жемқорлық қылмысына қатысты қозғалған іске байланысты 37 күдікті ұсталып, жүзге тарта адам тергеліп жатыр. Олардың қатарында бұрынғы мэр Джанни Алеманно да бар.

Тергеу органдарының хабарлауынша,саясаткерлер ұйымдасқан қылмыстық топпен сөз байласып, босқындар мен мигранттарға бөлінген қаржыны жымқырып келген.