Ринат Зайытов Ninety one тобының кесірінен қонаққа барудан қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ринат Зайытов Ninety one тобының кесірінен қонаққа барудан қалған

Ринат Зайытов Ninety one тобының кесірінен қонаққа барудан қалған

Ninety one тобын сын астына алған Ринат Зайытов бүгінде достарының үйіне барудан қалған. Ақынды аралас-құралас жолдастардың балалары жақтырмайтын көрінеді.

  • 3 Қазан 2018
  • 30
Фото - Caravan.kz

“Қазір жұртқа сын айтуды қойдым. Себебі жек көретін адам көбейіп кетті. Жолдас балалардың үйіне қонаққа барудан қалдық. Бала-шағасы жек көреді. Бұл Ninety one-ды ұнатпайды, үйге жолатпайық, дейді екен”, – деп күлді Зайытов.

Бұдан бөлек, көптен бері көрінбей кеткен ақын шығармашылықта қандай жаңалықтары бар екенін айтты.

“Айтыстағы жігіттер ақылдасып, шынайы, бұрынғы заманның ақындарындай тура сол айтыс күні, ешкім ешкіммен келіспей, таза айтысып көрейік деп 2-3 айтыс өткіздік, менің шығармашылық жолымдағы ең әдемі айтыстар сол болды”, – деп әңгімеледі айтыскер.

Сондай-ақ, Ринат Зайытов өмірінде ұтып алған ең ерекше жүлдесі туралы айтты.


“2001 жылы Астанада “Тазша бала” деген байқауға келгенбіз. Сонда Тұрсынбек бас жүлде, мен бірінші орын алдым. Тұрсынбекке ас үй жиһазын берді, маған ыдыс-аяқ берді. Әлі күнге дейін түсінбеймін. Не үшін? Екеуміз де ол кезде үйленбегенбіз. Станиславский “өнер киім ілгіштен басталады” дейді. Бізде Қазақстанда өнер ас үйден басталатын шығар деп ойладым”, – дейді Зайытов өткен күндерін еске алып.

Соңғы жаңалықтар