Ринат Зайытов төбелес туралы айтқандарды "аса қадірсіз интриганттар" деп атады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ринат Зайытов төбелес туралы айтқандарды "аса қадірсіз интриганттар" деп атады

Ринат Зайытов төбелес туралы айтқандарды "аса қадірсіз интриганттар" деп атады

Соңғы күндері интернет-порталдар айтыскер ақын Ринат Зайытов пен әнші Асхат Тарғынның бір тойда төбелесіп қалғаны туралы жарыса жазған еді. Енді бұл ақпаратты екеуі де теріске шығарып отыр. 

  • 10 Қаңтар 2017
  • 2829
Фото - Caravan.kz

Ақын мен әнші бірге түскен видеосын ғаламторға жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Онда бірінші Асхат Тарғын сөз алып: "Екі-үш күннен бері әлеуметтік желіде, неше түрлі сайттарда Ринат досым екеумізді төбелесті, керісті деген лақап әңгімелер тарап кетті. Сіздерге айтар жауабым: оған сенбеңіздер. Ринат екеуміз өнерде де, өмірде де доспыз" десе, Ринат Зайытов: "Аса қадірсіз интриганттар! Сіздер біреу туралы өтірік айтатын болсаңыздар, кішкене жарасатындай етіп айтыңыздар. Жарай ма?" депті.


Соңғы жаңалықтар