Жарияланды: 490

РИО-2016: Жабылу салтанаты көздің жауын алатын көріністерге толы болуда

РИО-2016: Жабылу салтанаты көздің жауын алатын көріністерге толы болуда

Рио-де-Жанейро қаласындағы «Маракана» футбол стадионында ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті..

Салтанатты рәсім көздің жауын алатын көріністермен басталып, ол атақты өнер шеберлері қойған концертке ұласты. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бастаған мәртебелі меймандар тамашалап отырған шара кезінде бес құрлықтың спорттағы бірлігін бейнелейтін олимпиада логотипі және басқа композициялар мен әндерден кейін Бразилияның Әнұраны орындалып, Туы көтерілді. Оңтүстік Америкаға тән карнавалдық көріністерден кейін олимпиадаға қатысқан мемлекеттердің тулары, соның ішінде Қазақстан Республикасының көк байрағы да алаңда желбіреді.

Өз туларын көтеріп шыққан, қуаныш құшағындағы спортшылар мерекеге ерекше шырай қосуда. Олардың арасында ел мерейін үстем еткен қазақстандық атлеттер де аз емес.






Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін