Риода қазақ қызы Жазира Жаппарқұл қоржынға күміс медаль салды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Риода қазақ қызы Жазира Жаппарқұл қоржынға күміс медаль салды

Риода қазақ қызы Жазира Жаппарқұл қоржынға күміс медаль салды

 

  • 11 Тамыз 2016
  • 769
Фото - Caravan.kz

Ауыр атлетикадан 69 келіде сайысқа түскен зілтемірші Жазира Жаппарқұл Олимпиада жеңімпазы атанды. Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Жұлқа көтеруде сайысты 111 келіден бастаған Жазира алғашқы мүмкіндігін оп оңай еңсерді.

Екінші кезекте 4 келі қосқан біздің зілтемірші 115 келіні еш қиындықсыз көтерді. Ал үшінші мүмкіндігінде 117 келіні көтере алмады. Осылайша Жазира Жаппарқұл жұлқа көтеруде екінші орынға табан тіреді. Ал негізгі қарсыласы қытайлық Сянь Ян Мэй үздік шықты.

Ал серпе көтеруде Жазира алғашқы жаттығуды дұрыс орындай алмағанымен, екінші кезеңде 140 келіде сәтті өнер көрсетті. Үшінші мүмкіндігінде 144 келіні жерден жұлып алды. Осылайша қос сайыстың қосындысы бойынша 259 келімен екінші болып, Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан шыққан Олимпиаданың алғашқы күміс жүлдегері атанды.

Осыған дейін Олимпиада ойындарында бірде-бір қазақ қызы жеңіс тұғырынан көріне алмай келеді. Жазира Жаппарқұл бұл олқылықтың орынын толтырды. Рио төрінде жеңіс тұғырына көтеріліп, есімін алтын әріптермен тарихқа қалдырды.


Соңғы жаңалықтар