Рионың қола медалі қазақстандық Денис Улановқа бұйырайын деп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рионың қола медалі қазақстандық Денис Улановқа бұйырайын деп тұр

Рионың қола медалі қазақстандық Денис Улановқа бұйырайын деп тұр

Зілтемірші Денис Улановтың жеке бапкері Александр Девяткин «ҚазАқпарат» тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында Рио-де-Жанейрода қола медаль жеңіп алған Денистің румыниялық қарсыласының допингпен ұсталғанын, сол себепті қола медаль төртінші орын алған Денис Улановқа берілуі мүмкін екенін хабарлады.

- Денис пе?

  • 30 Тамыз 2016
  • 640
Фото - Caravan.kz

— Денис пен румыниялық ауыр атлеттің екеуі де Риода 390 келі көтерген еді. Бірақ, Денистің салмағы одан 200 грамм ауыр болып, қола жүлдеден айырылып қалған еді. Ал бүгін түнгі екіде допинг-бақылаудың қорытындысы жарияланды және америкалықтар, еуропалықтар, тіпті румыниялықтар Денисты қола медалімен құттықтап үлгерді, өзіміздің отандастарымыз әлі кешігіп жатыр. Бұл ақпарат олимпиадалық сайтта тұр, енді тек ХОК ресми хабарламасын күтеміз. Ашығын айтқанда, румыниялықтың зілтемір көтеруінің өзі күдікті болып көрініп еді.

—  Денисті неше жылдан бері жаттықтырып келесіз және Денис сізге қалай келді?

—   Ол Зырян ауданынан келді және осында колледж бітірді. Әлі алдымызда келесі жылы өтетін Әлем чемпионаты бар, соған дайындық үстіндеміз. Денис әлі жап-жас, жасы 22-де, әлі үйленбеген, сондықтан оның негізгі жеңістері әлі алда. Денис — өте талантты жігіт. Риода көптеген елдің өкілдері оны айналшықтап жүріп алды.

—   Денистен бөлек Қазақстанға спорттық жеңістер әкелетін басқа да шәкірттеріңіз бар ма?


—    Иә, ҚР құрамасындағы Каплин мен Галушко Иван бар. 

Александр ДевяткинАлександр Девяткин
Соңғы жаңалықтар