Робот алғаш рет өт қабына ота жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Робот алғаш рет өт қабына ота жасады

Робот алғаш рет өт қабына ота жасады

Робот-хирург daVinci Surgery Robot алғаш рет өт қабына ота жасап, сәтті аяқтады. Ол адамның қатысуынсыз пациенттің өт қабын алып тастады, деп жазады шетелдік БАҚ.

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 396
Фото - Caravan.kz


Роботтың 3D-шолумен және басқару панелімен жарақтандырылған, сондай-ақ  «қолдары» икемді. Егер ота дұрыс жасалмай жатса, онда дәрігер басқару панелінің көмегімен басқаруды өз қолына ала алады.
Өт қабы алынған емделушінің аты-жөні белгісіз.  Дәрігерлер науқасқа хирургиялық операцияның қалай жасалатынын түсіндіргеннен кейін ғана, ол келісімін берген. Ота кезінде ойламаған жағдай болып қалса, жұмысты жалғастыру үшін робот дәрігер-хирургтың тікелей бақылауында болды. Алайда операция кезінде оның көмегі қажет болмады. Бұндай роботтың құны 4,9 млн долларды құрап отыр.