Жарияланды: 430

Роскосмос "Союз" корабльдерімен 2010 жылға дейін Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын экспедициялардың алдын-ала жоспар-кестесін жария етті

Байқоңыр. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Роскосмос "Союз" корабльдерімен 2010 жылға дейін Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын экспедициялардың алдын-ала жоспар-кестесін жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2008 жылы Халықаралық ғарыш станциясына пилотты 9 "Союз" кораблін экипаждарымен ұшыру жоспарланған. Оның ең таяудағысы - 12 қазандағы ұшырылым, онда "Союз ТМА-13" экипажына кіретін ғарышкерлер - Юрий Лончаков, Майкл Финк пен Ричард Гэрриот ұшады. 2009 жылдан бастап Байқоңырдан жылына 2 емес, 4 экспедиция ұшырылмақ. Бұл Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін Ресейлік, АҚШ-тың НАСА және Еуропалық ғарыштық агенттігінің ғарышкерлері мен астронавтарының саны 3-тен 6 адамға дейін ұлғайтылуына байланысты. 2009-2010 жылдары пилотты "Союз" ғарыш кемелері мынадай күндері ұшырылады деп жоспарланған: 2009 жылдың 25 наурызы - "Союз ТМА-14", 2009 жылдың 25 мамыры - "Союз ТМА-15", 2009 жылдың 1 қазаны - "Союз ТМА-16", 2009 жылдың 20 қарашасы - "Союз ТМА-17", 2010 жылдың наурызы - "Союз ТМА-18", 2010 жылдың мамыры - "Союз ТМА-19", 2010 жылдың қыркүйегі - "Союз ТМА-20", 2010 жылдың қыркүйегі - "Союз ТМА-21". 2010 жылға дейін Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылатын экспедициялардың алдын-ала жоспар-кестесінде Қазақстан ғарышкерлері Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймахановтың аты жоқ. Қазғарыш Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігімен бірлесіп, Қазақстандық ғарышкерлерді 2010 жылдан кейінгі экспедицияларға қамту жайын қарастыруда. Бұл жөніндегі алдын-ала келісім Қазақстан мен Ресейдің ғарыш саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі келісімнің шеңберінде жасалған. Қазақстандық ғарышкерлер үшін Халықаралық ғарыш станциясына жол тартатын ұзақ мерзімді экспедиция барысында жүзеге асырылатын ұлттық ғылыми бағдарламалар, сынақтар мен зерттеулердің жобасы жасалуда. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть