«Россельхознадзор» Қазақстаннан 18 тонна құс етін кіргізудің алдын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Россельхознадзор» Қазақстаннан 18 тонна құс етін кіргізудің алдын алды

«Россельхознадзор» Қазақстаннан 18 тонна құс етін кіргізудің алдын алды

2015 жылы 26 мамырда «Новосібір» АЕП мемлекеттік ветеринарлық бақылау бөлімінің мамандары РФ мемлекеттік шекарасында  Қазақстаннан көлікпен жеткізілген тауар бойынша есеп жүргізді.   

  • 1 Маусым 2015
  • 333
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Новосібір облысы бойынша «Россельхознадзор» басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстанда жалпы салмағы 18 500 келіні құрайтын құс етінің Кедендік одақтың ветеринарлық сертификаттары болған. Дегенмен мұнда тауар туралы ақпарат толық болмаған және олар заңмен бекітілген талаптарды бұзып толтырылған», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жүк оны әрі қарай пайдалануды растайтын құжаттарды әкелгенге дейін Новосібір қ. Мемлекеттік ветеринарлық қызметіне жөнелтілді.