Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама ие боларсыз! - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама ие боларсыз!

Роза Әлқожа Дина Төлепбергенге: Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама ие боларсыз!

Өзі ұйымдастырған ұтыс ойыны талқыға түскен әнші Роза Әлқожа "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жауап берді. Әнші бағдарламаның біржақты көзқараспен қарайтынын айтып, эфирді көргеннен кейін күйзеліске түскенін айтты.

  • 14 Мамыр 2020
  • 2438
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Роза Әлқожаның instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарғыс естіген әнші әлі ұйықтай алмағанын жазды. Денсаулығы нашарласа, Дина Төлепбергенге бала-шағасына ие болуын айтты. Әнші бір жақты пікірді қарастырғаны үшін "Астарлы ақиқат" бағдарламасына ренішін білдірді.

"Неше түрлі жанға тиетін комменттер кетіпті. Алла жар болсын!.. Арнайы хабарды көріп шықтық. "Астарлы ақиқатқа" мені ешкім шақырған жоқ. Әбдіжаппарға "видео жіберсе" депті, жібердім. Сыртымнан "келмеді" дегені қызық болды. Алматыға енді ғана жеттік. Дина Төлепберген бір жақты ғана пікір айтылған хабарыңызды көрдік. Бір жылап, бір күн күйзеліске түсіп те үлгердік. Рахмет! Денсаулық сыр беріп жатса, бала-шағама еге боларсыз!
Алла сізге пана болсын!
Көлік ұтқандар өздері де жаза жатар. Ал инвестор дегендердің "ауызы күймейді" екен. Маска киген ана бір әйелдің ақшасын алып беріп ек әрең. Ақбота әпке ойнатқанда тағы ақша салыпты. Өзі ақшаға жақын болса не дейміз?!.
Біз инвестицияны ешқашан жарнамалаған емеспіз! Ондай видео көрсеңіздер айтыңыздаршы!
"Ақтың отын ақымақ өшіре алмайды" деген бар. Әлі ұйықтаған да жоқпыз. Неше жылдық еңбек адыра қап, қарғыс та естідік. "Жүйелі қарғыс жүйесін табады.Жүйесіз қарғыс иесін табады", — деп жазды Роза Әлқожа.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында Роза Әлқожа мен Ақбота Керімбекованың ұтыс ойындары талқыға түскен болатын. Керімбекова журналистерге жауап бергісі келмесе, ал Әлқожа өз ойын видео арқылы жіберген болатын.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by ROZA ӘЛҚОЖА (@roza_alqozha) on

 

Соңғы жаңалықтар