Рудный тұрғыны принтер арқылы жалған теңге басып шығарған - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудный тұрғыны принтер арқылы жалған теңге басып шығарған

Рудный тұрғыны принтер арқылы жалған теңге басып шығарған

Рудный қаласының жергілікті тұрғыны жалған ақша шығарды деген айыппен қамауға алынды.

  • 17 Сәуiр 2014
  • 516
Фото - Caravan.kz

Ол ақшаны үйде түсті принтер арқылы жасаған, номиналы 2 мың теңгелік 2006 жыл үлгісіндегі купюраларды шығарып келген, делінген бейсенбіде облыстық прокуратурадан таралған ақпаратта.

Тінту барысында принтерден бөлек түрлі-түсті картридждер, ақша купюралары бейнеленген қағаз үлгілері, қағаз кесуге арналған кеңсе заттары табылған.