Рудныйда кәсіпкер 350 млн теңгені салықтан жасырып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рудныйда кәсіпкер 350 млн теңгені салықтан жасырып қалған

Рудныйда кәсіпкер 350 млн теңгені салықтан жасырып қалған

Қостанай. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Рудныйда кәсіпкер 352 млн 946 мың теңгені салықтан жасырып қалған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 18 Наурыз 2008
  • 346
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, осы оқиға бойынша қаржы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2- тармағы, «б» тармақшасы (Аса ірі көлемдегі табыс тапқан заңсыз кәсіпкерлік) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Бұл адам 2005 жылдың тамыз айынан желтоқсанына дейін салық органдарындағы тиісті тіркеусіз Рудный қаласының ЖШС бірінің атынан құрылыс материалдарын сату және сатып алу бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. Нәтижесінде 352 млн 946 мың теңге көлемінде табыс тапқан», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Кәсіпкерге қатысты тұтқындау туралы шешім шығарылған. Қылмыстық іс қозғалуға жақын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті