Осылайша, ақсақал көшедегі жұрттың мазасын қашырған бұзақының жазасын берді. Жартылай шешінген ер адам көшенің дәл ортасында тұрып жүргізушілерге жұдырығын көрсетіп жүрген. Онымен қоймай, көліктердің де алдын бөгеп, кес-кестеген. Бетімен кеткен мас тұрғынды тәртіпке келтірудің орнына куәгерлер болған жайтты жаппай қызықтап, ұялы телефонына түсіріп тұрды. Тек қария бұзақыны таяқпен тәубесіне келтіре алды.