ол 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сотталған болатын.
Отырыс арасында журналистерге А.Сәрсенбаевтың бауыры – Рыспек Сәрсенбаев айтып бергендей, ол сот төрағасы Берікжан Байжүнісовке наразылық білдіргендігін айтты.
"Менің жұбайымның анасы судьяның туысы, сол себепті одан бас тарттым. Бәрі заңды болуға тиіс", — деді Р.Сәрсенбаев.
Сот үзілістен соң сағат 14:00-де жалғасты.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанда танымал саясаткер А.Сәрсенбаевтың, оның жүргізушісі мен күзетшісінің мәйіттері 2006 жылы 13-ақпан күні Алматы іргесінен табылған.
Бұл қылмыстық іс қоғамда елеулі дүрбелең туғызды. Қылмыс жасағандығы үшін әр түрлі мерзімге тоғыз адам сотталған, арнайы қызметтің қызметкері Рүстам Ибрагимовты сот қылмысты тікелей ұйымдастырушы және орындаушы деп санап, оған өлім жазасын белгілеген.
Е.Өтембаевты сот А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс беруші деп санап, оған 20 жыл қамауда отыруға үкім шығарды.
2013 жылдың желтоқсан айының соңында Қазақстан бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Р.Ибрагимов жаңа дәйектер берген, ол енді А.Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергендер Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев деп айтуда.