Жарияланды: 5300

Сәбит Әбдіхалықов: Сүйінші, ағайын! Қуанатын кез келді

Сәбит Әбдіхалықов: Сүйінші, ағайын! Қуанатын кез келді

Сәбит Әбдіхалықов халықтан сүйінші сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Сүйінші, ағайын! Қуанатын кез келді...
​Ел тарихында тұңғыш рет театр және кино саласы артисінің атына арнап, ЮНЕСКО көлемінде тойлау, еске алу шаралары өтпек. Бұл – Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс жүзінде ауқымды тұрғыда іске асу аясының бір көрінісі, сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің және мәдениет қайраткерлерінің қол жеткізген соңы жетістіктерінің бірі де бірегейі екені сөзсіз...
Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр сахнасының алыбы – Әминә Өмірзақованың туғанына 100 жыл толуына орай, 2019 жыл: актрисаның мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлау жобасына еніп отыр.
​Өнерді өмірім деп танып, артында қайталанбас із қалдырған Әминә Өмірзақованың есімін болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдырып, рухын қастерлеу мақсатындағы келелі істердің басы және ең бастысы деп білеміз. Рухты көтеру, рухани жаңғыру, руханиятты тіктеу, сондай-ақ, төл өнеріміздің дамуы жолында із салған көшбасшылар рухына тағзым етіп, есімдерін ұмытпау тұрғысында жасалып жатқан мұндай игі істер – елдік бастамалардың өзегі, ұлт руханиятының арқауы болмақ... ​Өрелі де өнерлі халқымыздың маңдайына біткен қайталанбас тау-тұлғалары болады. Солардың бірі – туабітті талант иесі болған, кино мен театр өнеріндегі жүріп өткен жолын ұлағатты да ұлық, орамды да орайлы ете білген ҚР-ның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Әминә Өмірзақова еді. ​Сахна сайыпқыраны, экран алыбы Әминә Ерқожақызы 1949 жылдан өмірінің соңына (26.09.2006 ж.) дейін, жарты ғасырдан астам Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті. Көптеген кинофильмдер мен театр қойылымдарындағы талғампаз бейнелері арқылы, Халық қалаулысына, Ел ардағына айналған, Ұлттық өнерімізде есімі ел есінде жатталған – Әминә Өмірзақованың туғанына 2019 жылдың 8 наурызында 100 жыл толады.
Актриса Өмірзақова Әминә Ерқожақызының 100 жылдығының ЮНЕСКО көлемінде тойлануы жөніндегі игі бастама – Ұлттық өнеріміздің жарық жұлдызы құрметіне жасалған мәңгілік ескерткіш деп білеміз...", деп жазды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть