— Әрине одан осыны күтуге болады! — десті бір-біріне қарап алып.
Сәлден соң жезөкшелер үйіне ұрлана келіп пастор кірді. Олар бұған да таң қалған жоқ.
— Одан да бұл нәрсені күтуге болады! — десті тағы да жұмысшылар.
Аздан соң жағасын көтеріп, басын тұмшалап алған католик дін қызметшісі де зып беріп кіріп кетті.
— Қандай масқара! Қыздардың бірінің жағдайы шынымен де қиын болған ғой…
* * *
Бірде лекцияға кешігіп бара жатқан профессор такси ұстап мінеді де:
— Тезірек! Барынша қатты жылдамдықпен! — деп бұйырады.
Такси бар жылдамдықпен жүйткіп келеді. Бір кезде профессор баратын мекен-жайын айтпағаны есіне түсіп:
— Сіз қайда бару керек екенін білесізбе? — деп сұрады.
— Білмеймін, бірақ мен өзіңіз айтқандай барынша қатты жылдамдықпен келемін…
Автор: Жүрсін Кәрім