Жарияланды: 30

Сағынтаев Қанат Исламның жеңісі туралы пікір білдірді

Сағынтаев Қанат Исламның жеңісі туралы пікір білдірді

 

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында Қанат Исламның кездесуінен алған әсерімен бөлісіп, боксшымен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-жеңіс құтты болсын, Чемпион!", - деп жазды Сағынтаев. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінде олар қос боксшы WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жұдырықтасу қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті Канат Исламға берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін