Жарияланды: 20

Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтып берді

Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтып берді Сурет - Almaty.gov.kz

Сағынтаевтың жалақысы 950 мың теңге екені белгілі болды, алайда салықты алып тастағанда 700 мыңнан сәл асады екен

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қанша жалақы алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сағынтаевтың жалақысы 950 мың теңге екені белгілі болды, алайда салықты алып тастағанда 700 мыңнан сәл асады екен.

"Жалақым барлық әкімдікіндей. 950 мың теңге шамамен. Қолыма тазасы 700 мыңнан аса аламын. Салық бар, білесіздер", - деді Алматы әкімі елордада өткен Орталық коммуникациялар брифингінде.

Мұның алдында қала әкімі брифинг барысында қоластындағы жемқорлар үшін отставкаға кетуге қатысты пікір білдірген брлатын. "Заң ол заң, оның нормаларын орындау қажет. Құдай сақтасын, егер де қоластындағыларым сотқа тартылып және оның кінәсі дәлелденіп, үкім шығып жатса, заң бойынша мен отставкаға кетуім керек. Бірақ Президент айтқандай, отставка туралы өтінішті қабылдау немесе қабылдамау - Президенттің құқығы. Сондықтан мен заң нормалары бойынша әрекет етемін", - деген еді Сағынтаев.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін