Сағынтаев Үкімет мүшелеріне нақты тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сағынтаев Үкімет мүшелеріне нақты тапсырмалар берді

Сағынтаев Үкімет мүшелеріне нақты тапсырмалар берді

Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинеті мүшелеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 29 Тамыз 2017
  • 251
Фото - Caravan.kz

Үкімет басшысы ең алдымен пенитенцинарлық мекемелердің құрылысына және оларды жаңғыртуға инвесторлар тарту үшін Ішкі істер министрлігіне Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен бірлесіп, бір аптаның ішінде аталған мекемелерде орын алып отырған жағдайды саралауды тапсырды. Сонымен қатар аталған мерзім ішінде Ішкі істер министрлігі мемлекеттік-жекешілік серіктестік тетіктері арқылы пенитенцинарлық мекемелерді жаңғырту бойынша нақты шешімдер әзірлеуі тиіс.

«Бір айдан кейін біз Мемлекет басшысы алдында есеп беруге тиіспіз. Асқар Ұзақбайұлы (Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Мәмин) бақылауға алыңыз», — деді Сағынтаев.

Сонымен қатар Үкімет басшысы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа «Астана-1» ілкі ақпараттық жүйесін барлық модульдерімен сынақтан өткізуге тапсырма берді.

«2018 жылдың басынан ол іркіліссіз жұмыс істеуі тиіс. Сонымен бірге жаңа Кеден кодексі орындалуы барысында бизнеске проблема туындатпауы үшін оны жүзеге асыру бойынша заңнамалық актілер әзірлеу қажет. Асқар Ұзақбайұлы мұны да бақылауда ұстаңыз. Салық кодексі бойынша Мемлекет басшысына баяндадық. Қыркүйекте Мәжіліске енгіземіз. Тимур Мұратұлы (Ұлттық экономика министрі Сүлейменов — ред.) жобаны әзірлеп, барлық ескертулерді ескере отырып қыркүйекте Парламент Мәжілісіне енгізу керек», — деді Премьер-Министр.

Мұнан бөлек Сағынтаев Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, еліміздің электр тарату желілерін үлкейту үдерісін бастауды тапсырды.


«2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстар жайында есеп берілсін. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне әкімдерімен бірлесіп иесіз электр желілеріне түгендеу жүргізуді және 20 қазанға дейін оларды әкімдіктердің балансына беру бойынша тыңғылықты жоспарды ұсынуды тапсырамын», — деді ол.

 

Соңғы жаңалықтар