Сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағым тез арада қаралатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағым тез арада қаралатын болады

Сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағым тез арада қаралатын болады

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 - тамыз. Сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағым тез арада қаралатын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясындағы брифингте ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 18 Тамыз 2007
  • 505
Фото - Caravan.kz

«Бүгін, сайлау күні ішкі істер органдарына жасалған кез-келген шағымдар мен арыздар тез арада қабылданып, қаралатын болады»,- деген уәде берді А. Шпекбаев. Сонымен қатар ол, «сайлау учаскелеріндегі оқиғаларға дер кезінде әрекет ету үшін әрбір қалалық және аудандық органдарда екі-үш мобильді жедел-тергеу топтары құрылған, олардың құрамына прократураның қызметкерлері де кіреді», деп атап көрсетті.

«Ішкі істер органдары елдегі тұрақтылықты, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында сайлау күні де және ол аяқталғаннан кейін де қоғамдық тәртіптердің бұзылуына жол бермеуге қатысты заңмен қарастырылған барлық шараларды қолданады»,- деп сендірді А. Шпекбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті