Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына 138 арыз-шағым келіп түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына  138 арыз-шағым келіп түсті

Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына 138 арыз-шағым келіп түсті

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына процеске қатысушылардан 138 арыз-шағым келіп түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов дипломатиялық миссиялар мен халықаралық байқаушылар өкілдеріне арналған брифингте құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Сайлау науқаны барысында Орталық сайлау комиссиясына 138 арыз-шағым келіп түсті, оның 125-і қаралып, тиісті жауаптар мен түсініктемелер берілді. 13 шағым қаралып жатыр», — деді Қ. Тұрғанқұлов.

Қазақстандағы сайлау науқаны 22-маусымда басталған. Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы 18 тамызға белгіленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті