Сайрагүл Сауытбай елбасыдан көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайрагүл Сауытбай елбасыдан көмек сұрады

Сайрагүл Сауытбай елбасыдан көмек сұрады

Қытай шекарасын заңсыз кесіп өтіп Қазақстанға заңсыз келгені үшін айыпты болған қандасымыз Сайрагүл Сауытбайқызы елбасы мен құзырлы органдардан көмек сұрайды. Ол видеоүндеу жазып, оны желіге таратты.

  • 18 Қазан 2018
  • 36
Фото - Caravan.kz

"Армысыздар! Мен үшін аса қымбатты болған қара ормандай әз халқым! Елдігі мен егемендігі біте қайнасқан қазақ елі, тағдыры тағы бір рет сынға түскен қыздарыңыз Сайрагүл Сауытбайдан жалынды сәлем. Тағдырым екінші рет сынға түскен бүгінгі сәтте халқымның бір ниет бір мақсатпен мені қолдап, қуаттаулары менің өшкелі тұрған үміт отымды қайта жандандырды. Тек бір пайыз үміт болады, мен жүз пайыз күресуге дайынмын. Халқымның қолдау қуаттаулары маған шексіз рухани күш сыйлады. Әуелі Алла, одан соң өздеріңіздің шексіз ықыластарыңыз, қолдауларыңыз тұрғанда мен неге күреспеймін. Атам қазақ айтып еді "Халық айтса, қалып айтпайды" -деп. Цзинань басындағы осы жағдай миллиондаған қандастарымыздың басындағы ауыр жағдай. Бір отбасының екіге бөлініп, жылаған тірі жесір, тірі жетімнің зарлы үні құдайға жетіп, бұл жағдай әлемге назарын аударып отыр. Бұл Қытай партиясының қолдан жасап отырған саясатының кесірі. Осындай жағдайда тарихи отаныңнан пана іздеп, отбасымен қауышу өте орынды болған деп еді менің әз халқым. Жаңа оқу басталған бірінші күні екінші сыныпқа көшкен ұлы Ұлағат мектепке алғаш барғанда "Ана тілі" мұғалімі көрген жерден ұлағаттық танып "Сенің анаң өте дұрыс істеген. Балапандары үшін отқа да, суға да түсуге тайынбаған аналық рухы мен сияқты миллиондаған аналардың жүрегін тебірентті. Біз анаңды қолдаймыз, анаң ешқайда бармайды аналарыңды сыйлаңдар" — деген бір ауыз сөзінен балам төбесі көкке жеткендей болып келген. Алла мені сіздердің осындай қолдау-қуаттарыңыздан, дұға тілектеріңізден айырмаса екен. Тағдырыма алаңдап отырған халқыма алғысым шексіз. Мен қашан босқын мәртебесін алғанша, өз елімнің азаматтығын алғанша, менің күресім бір минут та тоқтамайды. Құрметті елбасы және барлық құзырлы органдар, қоғам қайраткерлері! Мен секілді балапандарын сағынып әрең жеткен, өз елінен пана іздеп келген бір ананың қасіретті күйінішін ет жүректеріңізбен түсініп, халқымның үмітін ақтап, тарихи отанымда екінші рет өмір сүретін мүмкіндік берулеріңізді, балапандарымнан айырмауларыңызды сұраймын, " – деді Сайрагүл Сауытбайқызы.

Видеоүндеу 2018 жылдың 17 қазанында түсірілген. Видеоны тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы өзінің парақшасына жариялаған.


Соңғы жаңалықтар