Сайрам ауданында әлеуметтік бірнеше жаңа нысан ашылды-ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайрам ауданында әлеуметтік бірнеше жаңа нысан ашылды-ОҚО

Сайрам ауданында әлеуметтік бірнеше жаңа нысан ашылды-ОҚО

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды.

  • 15 Қараша 2012
  • 558
Фото - Caravan.kz

Оның барысына облыс әкімі А. Мырзахметов қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Атап айтқанда, Сайрам ауданы Сайрам ауылында 945 орындық «Астана» балабақшасы ашылды. Сонымен қатар, Ақбұлақ ауылдық округінде № 38 Абай жалпы орта білім беру мектебі мен Ақсукент ауылдық округінің Орталық саябағында «Неке сарайының» ашылу рәсімі болды.

Нысандардың ашылу рәсіміне облыс әкімі А.Мырзахметов қатысты. Балабақшаның ашылу салтанатында «Жан балажан» балалар бақшасының бүлдіршіндері үш тілде «Бақытты балалық шақ» атты өлең шумақтарынан, №4 Сайрам балалар үйінің «Балдәурен» би ансамблі «Шашу» қазақ биі мен «Мерекелік вальсті» орындады. Сондай-ақ облыстық өзбек драма театры өнерпаздары ертегі кейіпкерлерін сахналап, соңы концерттік бағдарламаға жалғасты. Балабақшаның жылу жүйесі газдандырылған. Ғимарат бөлігі — 2 қабатты, 27 топқа арналған. Ойын, спорт алаңдарымен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар