“Сақалды жігіттің тестостероны мықты болатыны рас па”: Дәрігер жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сақалды жігіттің тестостероны мықты болатыны рас па”: Дәрігер жауап берді

“Сақалды жігіттің тестостероны мықты болатыны рас па”: Дәрігер жауап берді

Уролог, андролог Азамат Сандыбайұлы ер азаматтардағы сақалдың тестостеронның күшіне еш қатысы жоқ екенін айтты.

  • 18 Мамыр
  • 4
Видеодан скрин

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Дәрігер мама “Азамат Live” YouTube арнасына берген сұхбатында тестостеронға қатысты көпшілік арасында жиі тараған ақпаратты жоққа шығарды.

”Сақал мен тестостеронның бір біріне қатысы туралы зерттеулер жүргізілген. Соларға сүйенсек, тестостеронның жоғары болуы сақалдың жақсы өсуіне ешқандай байланысы жоқ. Түктердің шығатын өзінің тамыры болады. Егер ол генетикалық тұрғыда адамда болатын болса, ол тестостеронға қарамайды. Ал тестостерон бәлкім, оның қаттылығына, жақсы өсуіне жауап беретін шығар. Бірақ бетінде генетикалық тамырлар болмаса, тестостероны жоғары болса да сақал шығып кетпейді”, — дейді ол.

Уролог маман жыныстық инфекцияның сүлгіден, дәретханадан жұқпайтынын да айтты.

”Жыныстық жолдармен жұғатын инфекциялар классификациясы бойынша спецификалық инфекциялар. Яғни, олар аты айтып тұрғандай тек жыныстық қатынаспен жұғады. Егер күйеуі “сүлгіден, дәретханадан жұқты” десе, әйелі соған сенетін болса, онда ол жыныстық сауатсыз деген сөз”, — дейді ол.