Жарияланды: 20

Сахарадан шыққан шаң Еуропаға жетті

Сахарадан шыққан шаң Еуропаға жетті

Франция мен Испанияны сарғылт шаңды бұлт басты, ол көп ұзамай Скандинавия, Ұлыбритания мен Ирландияға жетуі мүмкін.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Шаңды әрі құмды бұлт Сахара шөлінен Еуропаға қарай жылжып келеді, ол көп ұзамай Франция мен Испаниядан аспақ, деп хабарлады Copernicus қызметі.

Орталықтың мәліметінше, сарғылт шаңды бұлт Франция мен Испанияны басады. Көп ұзамай ол Скандинавияға, сондай-ақ Ұлыбритания мен Ирландияға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, табиғаттың бұл құбылысы Испанияда «балшық жаңбырына» және салқындағаннан кейін температураның айтарлықтай жоғарылауына әкеледі деп күтілуде. Жағдай бұдан да нашарлауы да мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін