"Сәләфилер ғой": Әйелім тойға бармайды, суретке түспейді деген Айдар Тұрғамбектің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сәләфилер ғой":  Әйелім тойға бармайды, суретке түспейді деген Айдар Тұрғамбектің басы дауға қалды

"Сәләфилер ғой": Әйелім тойға бармайды, суретке түспейді деген Айдар Тұрғамбектің басы дауға қалды

Әнші, "Жігіттер" квартетінің солисі Айдар Тұрғамбек не себепті әйелін көпшілік көзінен жасыратынын түсіндірді. 

  • 16 Қазан 2023
  • 67929
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол "Қызықты Weekend" бағдарламасында айттты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

"Әйелім сұлу, көз тиеді. Сол себепті көрсетпеймін. Әйелімнің сұлулығына өзім таң қаламын. Ол кісі көпшілік адам емес, тойға да бармайды. Кеше Шымкентте өзінің туысқандарының тойы болды. Сол өзінің туысқанының тойына зорға алып бардым. Ол кісі жақтырмағаннан емес, адам көп жерді, сурет-видеоға түскенді ұнатпайды, балаларды да түсірткізбейді. Үйде балаларды қарап, менің жағдайымды жасап, ең басты нәрселерді орындайды. Бала өмірге алып келеді, соларды тәрбиелейді, тамақтарын дайындайды. Бәрімен танысып, концерттен концертке жүріп не істейді? Мысалы, қазір көбісінің әйелі қалмай жүр ғой. Ол үйде отырып та қолдау көрсетеді, жанымнан табылады. Білімді, керемет адам. Бірақ,  жұртпен араласып кете алмайды", — дейді әнші. 

Желі қолданушылары әншінің әйелін жабайы адамға теңеуде. 

"Қадап қойған сияқты ғой, әйтпесе ондай болу мүмкін емес",  Ондай оқығаннан не пайда, жұмыс істемесе, пайда келтірмесе. Оқыған бөлек, тәжірибе бөлек. Коммуникация деген ұғым бар, тек телефон бәрін бақылап отыратын шығар", "Жабайы ма, адамдардан шошып", Жабайы ма, қап-қара етіп оранып алған шығар",  "Сәләфилер ғой", — деп жазды олар. 

Соңғы жаңалықтар