Құнды жәдігерлер арасында осындан 700 жыл бұрын жазылған қасиетті жазба нұсқалары кездеседі. Сондай-ақ салмағы 10 келі тартатын сегіз метрлік Құран да аталмыш көрменің сәнін келтіріп тұр. Құран Кәрімнің нұсқалары арасында түрлі тілдердегі аудармалары, тіпті Луи Брайль тіліне тәржімаланған нұсқасы да орын тапқан.
Бұған қоса, келушілер көрме заттары арасынан каллиграфиялық өрнектермен әшекейленген тарихи жәдігерлер мен зергерлік бұйымдарды тамашалауға мүмкіндік алды. Көрме барысында көне Құран нұсқаларын қалпына келтірумен айналысатын арнайы секция жұмысы да қарастырылған, деп хабарлайды muftiyat.kz.