Жарияланды: 470

Салық бойынша борышкерлер арасында ауқатты адамдар жиі кездеседі

Қасақана салық төлемеушілерге қарсы қарқынды жұмыс жүруде. Бюджетті толықтыру бойынша сот орындаушылар облыстық салық басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп акция өткізді,

деп хабарлайды Атырау облысы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі. «Борышкерлердің салық бойынша мүлкін тізімдеу жөніндегі іс-шара пәтерлерді тексеруден басталды. Тізімде ауқатты адамдар жиі кездеседі. Дегенмен, соған қарамастан, олардан қарыз өндіру қиынның қиыны. Қарыздардың кейбірі миллион теңгені құрайды»,-делінген департамент мәліметтерінде. Облыстық Салық басқармасының бас маманы Баян Сибатованың айтуынша, ҚР Салық Кодексінің 369-бабына сәйкес, транспорт құралына салықты ү.ж. 31 желтоқсанынан қалмай төлеу қажет. Алайда, қазіргі таңда облыста өткен жылдан бері көлік салығын төлемеген жауапсыз борышкерлер бар. Қарызды өтеуге міндеттеген сот шешімдері де әсер етпеуде. Осыған байланысты, бюджетті толықтыру акциясын сот орындаушылар салық органының қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастыруда. «Қазіргі уақытта облыс бойынша 820 борышкер тіркелді. Жергілікті бюджетке жалпы қарыз сомасы 83 млн.теңгеге жуық соманы құрауда. Салық басқармасымен бірге атқарған жұмыс нәтижесінде осы уақытқа дейін 542 борышкерден 45 млн.теңге көлемінде өндірілді. Тағы да 313 борышкер сот шешіміне қарамастан қарызын өтемегендіктен әлі де 40 млн.теңге көлемінде қарыз өндірусіз қалды»,- дейді Атырау облыстық Сот актілерін орындау департаментінің аға сот орындаушысы Мұратхан Қалыбеков. Естеріңізге сала кетейік, салық заңнамасына сәйкес, көлік құралына салық төлейтін автокөлік иесі болып табылады. Сондықтан, салық төлеушілер көлік құралын сату-сатып алу келісімшартын рәсімдеу кезінде сенімхат емес, келісім-шартты рәсімдеуге кеңес береді. Заңдылық тұрғыдан келгенде, көліктің толыққанды иесі тех құжатта көрсетілген адам болғандықтан, сатудың мұндай қағидасы жалған келісім болып табылады. Осыған сәйкес, салықты төлеу құқығы сөзсіз құжатта көрсетілген адамға сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін