«Біз «электронды үкіметті» құрудағы бұдан былайғы жұмысты келесідей білеміз: үкімет салалық министрліктер ретінде тапсырыс беруші, «Самғау» — атқарушы және оператор, Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік — бақылау жүргізетін орган. Ашығын айтқанда, мен Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттікпен орындарымызды ауыстыруды ұсынамын: олар бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, қандай да бір іс-әрекетімізді сынайды, техникалық стандарттарды, регламенттерді және т.б. әзірлейді»,- деді Азамат Әбдімомынов.
Оның пікірінше, «аяқталуына жарты жылдай қалған мемлекеттік бағдарламаның нәтижесіне әлі қол жете қойған жоқ». «Біз «электронды үкіметті» электронды мемлекеттік қызмет ұсыну жөніндегі мемлекеттік бағдарлама құру механизмі ретінде түсіну шектеулі ұғым тудырады. Әлемдік банк «электронды үкімет» деп үкіметтің айқындығын, тиімділігін және үнемділігін, оларға қоғамдық бақылау қою мүмкіндігін көтеру үшін ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану» деп түсінеді»,- деді «Самғау» АҚ басшысы Азамат Әбдімомынов.
«Электронды үкімет» ақпаратты өңдеу, жалғастыру және таратудың электрондық құралы негізіндегі мемлекеттік басқару жүйесі болуға тиіс»,- деген сенімде ол. Сонымен қатар, Азамат Әбдімомыновтың пайымдауынша, «Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік идеолог, әкімші , атқарушы және бақылау қоюшы болып табылған» жағдайда жобаны тиімді басқару мүмкін емес.
«Электронды үкіметтітің» базалық компоненттерін құру жөніндегі жүйелі жұмыстың болмау проблемасы да бар, және де бұл жерде Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттік төрағасы бірінші кезеңнің инфрақұрылым — мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық желісін, ұлттық идентификациялық жүйені, «электрондық үкіметтің» шалюзінің , порталының және банк жүйесімен өзара ықпалдасу үшін төлем шалюзын құруға бағытталған, деп дұрыс айтып өтті»,- деп қосты «Самғау» АҚ басшысы.
«Бүгінде біз «электронды үкіметтің» базалық компоненттерінің ешқайсы оның толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ететіндей деңгейде құрылмағандығын көріп отырмыз. Ең бастысы — мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық желісі, мемлекеттік органдар арасындағы байланыстың жүйе құрушы элементі құрылмаған, бұл «электронды үкімет» компоненттерінің бірыңғай жүйеге бірігуіне мүмкіндік бермей отыр»,- деді Азамат Әбдімомынов.
Ертеректе Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев, агенттік жылдың аяғына дейін бағдарламаның «80 пайызының» орындалуын қамтамасыз ете алады деп мәлім еткен болатын. «Біздің алдымызда бірінші кезеңде жүйенің инфрақұрылымын қалыптастыруға, кадастрларды, халықтың, заңды тұлғалардың,мекенжай регистрінің мәліметтер базасын құруға және де үкіметтің веб-порталын құруға қатысты міндеттер тұрды»,- деп еске сала кетті. «Бағдарламаның келесі бөліміне өтетін мәселелер қалып отыр, атап айтқанда Интернеттегі төлемдерді құру өте маңызды проблема . Бұл жерде біз нәтижеге қол жеткіздік, халық барлығын желі арқылы төлей алады деп айтуға болмайды, бұл мұқият тексеруді талап етеді. Бағдарламаның бұл бөлігін біз келесі жылға қалдыруымызға тура келеді деп ойлаймын»,- деп қосты Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің басшысы.
Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов өз кезегінде, «өкінішке орай осы күнге дейін бізде «электронды үкіметті» дамытуға қалай жету, оның дамуы мен біздің стратегиялық, экономикалық, бюджеттік жоспарлауды қалай байланыстыру тұрғысында бірыңғай ұстаным болған емес», деп атап өтті. «Өкінішке орай ақпараттандырушылардың ешқайсысы бұл міндетті нақты тұжырымдай алмады, және де олардың өз қазанында қайнауларында тура келді»,- деп қосты үкімет басшысы. «Біз әкімшілік реформалау аясында Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі, «Самғау» АҚ және басқа да мемлекеттік органдар арасында функциялық міндеттерді нақты бөлуге тиіспіз, біз бұл мәселені алдағы екі аптада шешеміз»,- деп қорытындылады премьер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті