2008 жылдың 21 наурызында Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңында осы агенттік «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналымға шығарған «Хабар» агенттігінің KZ1C34560017 қарапайым акцияларының арнаулы сауда-саттығы өтті.
Агенттік ақпаратына сәйкес, «Хабар агенттігі» АҚ-ның 570 848 дана қарапайым акцияларынан тұратын пакеті саудаға салынды, бұл шығарылған және саудаланған жалпы акциялар көлемінің 49,99%-ын құрайды. Бұл қоржынды «Самғау» Ұлттық-технологиялық холдингі» АҚ Қазақстан қор биржасы жүйесінде жүргізілген арнаулы сауда-саттықтар ережесіне сәйкес бәсекелі сауда барысында бір лотпен сатып алды.
«»Самғау» Ұлттық-технологиялық холдингі» АҚ -ның «Хабар агенттігі» АҚ-ның акцияларын сатып алуы холдингтің тіке интеграциялы ақпараттық-технологиялық компания құру жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады», — деп мәлімдейді «Хабар» агенттігіндегілер.
«Хабар агенттігі» АҚ эфирлік «Хабар», «Еларна», ұлттық спутниктік «Caspionet» телебағдарламасы мен «Радио Хабар» радиобағдарламасын меншіктенеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті