Жарияланды: 50

Самсаны 500 теңгеге сатқаны үшін Ақтау әуежайына айыппұл салынды

Самсаны 500 теңгеге сатқаны үшін Ақтау әуежайына айыппұл салынды Сурет - 2ГИС

Ақтау халықаралық әуежайына 1 жарым миллион теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сотқа дейін жеткен оқиғаға әуежай ішіндегі дәмханада шарықтаған баға себеп. Өйткені, бұған дейін жолаушылардың бірі самсаның құны 500 теңге екенін айтып шағымданған болатын.

Бақтияр Тұраров, Маңғыстау облысы табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің бас маманы:

-Монополиялық және үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша құқық бұзушылық анықталды. Әкімшілік сотымен қаулы шығып, қаулының қорытындысында 15 миллион монополиялық кіріспен табылған кіріс айыппұл салынып, және миллион жарымнан үстем бөлек айппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

Монополияға қарсы департамент Ақтау әуежайының иелерімен бір жылға жуық соттасқан. Сөйтіп, әуежайдағы жалғыз тамақтану орны нағыз монополияның ошағына айналғаны анықталыпты. Өзге бәсекелес табылмағандықтан ол жердегі ас-суға ойыларына келген баға қойылып келген. Енді соттың шешімімен әуежай басшылығы кем дегенде екі дәмхананың  жұмыс істеуіне жағдай жасауы тиіс. Сол арқылы бағаны төмендету көзделіп отыр.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін