Жарияланды: 410

Санкт-Петербург қаласында ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысы өтеді

Бүгін, 13-қарашада ТМД елдері парламентаралық ассамблеясы мен ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының шараларына қатысу үшін сенат спикері, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов бастаған ҚР парламентінің өкілдері Санкт-Петербург қаласына аттанып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сенаттың БАҚ-тармен байланыс жөніндегі бөлімінен хабарлады.

Парламентшілер ТМД елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті жалпы отырысына, ЕурАзЭҚ парламентаралық ассамблеясы Бюросының, ТМД-ға қатысушы елдердің парламентаралық ассамблеясы кеңесінің, Ұжымдық Қауіпсіздік келісімі ұйымына мүше елдердің отырыстарына қатысады. Сондай-ақ, еліміз өкілдері "ТМД елдерінің халықаралық лаңкестікпен және оны қаржыландырумен күрес саласындағы ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысады. Сапар барысында О.Әбдікәрімов бірқатар парламенттік делегация өкілдерімен кездеседі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін