Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ескерткіш тақталар Қазақстанның Ресейдегі елшісі Нұртай Әбіқаевтың 22-23-маусымдағы Санкт-Петербург сапары кезінде ашылады. «Ол Ұлы Отан соғысы басталған күнге орай Нева плацдармы мен Пискаревский бейітінде Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинградты қорғау барысында мерт болған жауынгер-қазақстандықтардың құрметіне ескерткіш тақталарды ашады»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Рәсімге Леннинград облысының губернаторы Валерий Сердюков пен Санкт-Петербург губернаторы Валентина Матвиенко қатысады.
Елшіліктің хабарлауынша, Н.Әбіқаев Стаявинское көлінің маңында қаза тапқан ақмолалық жауынгерлерге арналған «Жұлдыз-тырналар» атты ескерткішге гүл шоқтарын қойып, Леннинградты қорғаушы әскерлердің мүрделерін қайта көму рәсіміне қатысады.
Елшіліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нева плацдармы — Нева өзенін бойлай 2 шақырымға, 300-500 метр тереңдікке созылатын жер учаскесі. Ленинград қорғанысы басталған сәтте бұл жерде кескілескен қантөгіс ұрыстар болған. 1943-жылдың қаңтар айында Кеңес әскерлері осы Нева плацдармынан кері шабуылға шығып, Ленинград қоршауын бұзды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті