Жарияланды: 1200

Санкт-Петербургтегі жарылыстан қаза тапқан қазақстандықтың анасы ақпарат құралдарын сотқа бермейтін болды

Санкт-Петербургтегі жарылыстан қаза тапқан қазақстандықтың анасы ақпарат құралдарын сотқа бермейтін болды

Санкт-Петербургтегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқан Қазақстан азаматы Максим Арышевтың анасы - Ирина Арышев баласының осы оқиғаға қатысы бары туралы жалған мәлімет таратқан кейбір ресейлік ақпарат құралдарын сотқа бермейтінін мәлімдеді.

Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында жазылды.

Иринаның айтуынша, ресейлік БАҚ-тардың жолы болып кетті. Себебі ол бұл ақпаратты олар теріске шығарып қойғаннан кейін барып естіген. Сол мезетте көптеген адам оған "Ирина, біз бұған сенбейміз!" деп жазыпты.

"Мен қандай да бір өз тарапымнан әрекет етпеймін, сол ақпаратты жария еткен басылымдардың арына қалдырдым", – деді Ирина.

Сондай-ақ, Арышева Санкт-Петербург Мемлекеттік экономикалық университетінің басшылығымен кездескенін айтты.

"Білім ордасының басшылығы мен белсенді топ өкілдері баламның қалай оқығанын айтып, қолдарынан келер көмегін ұсынды. Әрине, кездескеніме қуаныштымын. Алайда кездесуіміз осылай болады деп кім ойлаған? Максим үш жыл оқу барысында өзін тек жақсы жағынан таныта білді. Мен ЖОО басшылығына ризашылығымды білдіремін", – деді Ирина Арышева.

Мұнымен қатар, Максимнің анасы бірден көмек қолын созған Қазақстан Республикасының Елшілігіне және Санкт-Петербургтегі Бас консулдыққа алғысы шексіз екенін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда ҚР-дың РФ-дағы Елшілгі мен Санкт-Петербургтағы Бас консулдығы бірлесіп, Максим Арышевтың мәйітін елге жеткізу бойынша ұйымдастыру шараларын жүргізуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін