Сән-салтанатты ортада танымал Лилия Рахты былайғы жұрт біле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 441.41
  • 477.78
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сән-салтанатты ортада танымал Лилия Рахты былайғы жұрт біле ме?

Сән-салтанатты ортада танымал Лилия Рахты былайғы жұрт біле ме?

Белгілі сәнгер Лилия Рах кеше 7 жылға сотталып, жалпы тәртіптегі колонияға жіберілетін болды. Сондай-ақ, оның дүние-мүлкі тәркіленді. Оған бір топ адаммен бірлесіп адам ұрлады деген айып тағылған еді.

  • 11 Қараша 2016
  • 1211
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі сән-салтанатты ортада көбірек танымал Лилия Рахтың кім екенін анықтауға тырысты.

Лилия Рах 53 жаста. Ғаламторда нақты өмірбаяны жоқ. Бірақ Семей педагогикалық институтын физик-математик мамандығы бойынша бітіргені туралы айтылады. Дизайн және сән саласына 1988 жылдан араласа бастаған. 1996 жылы жылы өзінің алғашқы дүкенін ашты. Қазір Рахтың сауда орындарының саны 15-ке жеткен.

Ол сәнге деген құмарлығы балалық шағынан бар екенін айтады. «Мен ауылда өстім. Анам мені өте ерекше етіп киіндіретін. Ауылдағылар маған біртүрлі қарады. Қыздар мазақтады. Ол кезде ренжіп, жыладым. Ал қазір мұны мақтан тұтамын. Сәнге, ерекше дүниелерге деген құштарлығым кішкентай кезімнен бар. Бұл жағынан анам мені қолдады» депті Рах бір сұхбатында.

Ол Алматыда 13, Астанада 2 дүкен ашқан. Бұл сауда орындарында Dior, Oscar de la Renta, Marc Jacobs, Prada, Alexander McQueen, TOD’s, Gianfranco Ferre, Valentino, Roberto Cavalli және тағы басқа көптеген киімнің, аяқ киім мен өзге де заттардың әлемге танымал брендтері сатылуда.

Лилия Рах Қазақстанның сән әлемінде ғана емес, шетелдерде де танымал. Өткен жылы беделді Business of  Fashion интернет-басылымы сән саласындағы ең ықпалды 500 адамның тізімін жариялады. Біздің кейіпкеріміз соған алғаш рет енді. Ал биылғы сәуір айында америкалық Vogue журналының беттерінен көрінді.

Ресейлік әнші Филипп Киркоровпен біргеРесейлік әнші Филипп Киркоровпен бірге

Лилия Рахтың екі баласы бар. Ұлы – Антон, қызы – Даяна. «Бала – менің бақытым» дейді сәнгер.

Ұлы мен қызының ортасындаҰлы мен қызының ортасында

Лилия Рахты полиция биыл Алматыда 23 тамызда ұстады. Ол Өзбекстан азаматы, өзінің бизнес-серіктесі Хамро Сувановты бір топ адаммен бірге ұрлап әкетіп, қамауда ұстап отырды деп айыпталған болатын. Бұл туралы құқық қорғау органы өкілдеріне Сувановтың өзі айтып берген. Алайда кейін ол сол сөзінен тайқып, Лилия Рахтың кінәсі жоқ деп шықты. Бірақ бұл судьяның қатал үкім шығаруына кедергі болған жоқ. Сөйтіп, Рах 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайластары – Мири Паз 7,5 жыл, Бақыт Шалбаев пен Ислам Месиров 8 жылдан арқалады.

Хамро Сувановпен біргеХамро Сувановпен бірге

Лилия Рах сот үкімімен мүлдем келіспейді. Енді бұлардың адвокаттары қайта шағым түсірмек.

Лилия Рахты сот залынан әкетіп барадыЛилия Рахты сот залынан әкетіп барады
Соңғы жаңалықтар