Сапасыз астың әлегі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сапасыз астың әлегі

Сапасыз астың әлегі

Өмірге қауіп төндірген ет. Қостанай облысында 53 адам мектеп асханасындағы астан ұшынды. Олардың алтауы мұғалім, қалғанының бәрі кішкентай балалар. 11 бала ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген. Мектеп асханада бұзылған еттен ас әзірленген деп отыр ата-аналар. Ал эпидемиологтар мән-жайды анықтауға асығар емес.

  • 18 Қыркүйек 2014
  • 515
Фото - Caravan.kz

Светлана Коваленконың егіз ұлдары Данил мен Игорь даярлық сыныбында оқиды. Кеше олар әдеттегідей мектепке кетіп, үйге оралмаған. Балаларының астан ұшынып ауруханаға түскенін ата-анасы кешке естіпті.

Светлана Коваленко, Ұзынкөл кентінің тұрғыны :

–Балалардың жағдайын айтып мектептен ешкім хабарласқан жоқ. Болары болып қойғанда білдік. Мұғалімдер абдырап жүріп ата-аналарға хабар беруді ұмытып кеткен.

Ұзынкөл ауылындағы мектеп асханасынан жалпы саны 53 адам жапа шеккен.Олардың алтауы – мұғалім, қалғаны – бастауыш сынып оқушылары мен мектеп жанындағы мини-орталықта тәрбиеленетін 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер. Түскі астан кейін барлығының жүректері айнып бастары ауырған. Аз уақыт өтпестен бәрі құсып әлсірей бастапты.

Әсия Бәйменова, Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

–Ауруханаға 10 бала орташа ауыр, бір бала мүлдем ауыр халде түсті. Оған барынша ем жасалды. Бәріне гастроэнтероколит деген диагноз қойдық. Науқастардың іші өтіп, қатты әлсіреген.

Дәрігерлер, тіпті, шағын орталықта тәрбиеленіп жатқан 2 жасар баланы ажалдан арашалап қалған. Қазір науқастардың жағдайы қалыпты. Ал ұшынудың нақты себебі әлі анықталған жоқ. Күмән тудырған тағамды зерттеген мамандар қорытынды 2 күннен соң дайын болады дейді.


Орал Бекмағамбетов, Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

–Дәл қазір Рудный қаласынан 1-2 білікті дәрігерді Ұзынкөл ауданына жіберетін болдық. Олар негізгі координацияны жасайды. Менің ойымша бұл жағдайдың бәрін жөнге келтіреміз. Облыс әкімі, министрлік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бақылау жасап отыр.

Соңғы уақытта Қостанай облысында жаппай астан ұшыну жиілеп кетті. Алты айдың ішінде осындай 3 дерек тіркелген. Алдымен, суши-барда 26 адам уланған. Кейін «Мерей» лагерінен балаларсальмонеллез дертін жұқтырды. Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жарияланғалы бері аймақта кәсіркерлерге «ә» дейтін әже, «қой» детін қожа болмай тұр.