Сара Брайтман Астанада ән шырқайды
![]() |
Британдық әнші Сара Брайтман Астанада 6-шы шілдеде ән шырқайды, деп Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті. |
«… Ерекше концерттік бағдарлама мен тамаша әлеуметтік-мәдени шаралар дайындалды. Бір ғана (…) құпияны ашайын. Қазақстан тарихында тұңғыш рет тамаша әнші Сара Брайтман бізге келе жатыр. Ол Вебердің барлық мюзиклдарында негізгі партияларды орындайды», - деді М. Құл-Мұхаммед, дүйсенбі күнгі үкімет сағаты барысында.
С. Брайтман, ағылшын әншісі, сопрано, классикалық кроссовер жанырындағы әлемдегі көрнекті орындаушылардың бірі.
2008-ші жылы С. Браитман қытайлық поп-әнші Лиу Хуанмен бірге жазғы Олимпиада ойындарының «Бір әлем, бір мақсат» атты ресми әнұранын орындады.
Елорда күні Қазақстанда 2008-ші жылдан бері аталып өтілуде. 2008-ші жылы «ҚР-дағы мерекелер туралы» заңға түзетулер енгізіліп, «Елорда күні» мемлекеттік мерекесі енгізілді.
Бұрындары қала елорда мәртебесін алғалы бері 1998-ші жылдан бастап, ол мерекені қалалық деңгейде 10-шы маусымда атап өтетін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін