Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте арнайы сабақ өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте арнайы сабақ өтеді

Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте арнайы сабақ өтеді

Қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" бағдарламасы біріктірілмек

  • 9 Ақпан 2018
  • 410
Фото - Caravan.kz

Сара Назарбаеваның туған күнінде барлық мектепте "Өзін-өзі тану" сабағы өтеді, деп хабарлады Sputnik білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 ақпан "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары "Өзін-өзі тану" сабағымен басталады.

Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңіріндегі 71 білім беру ұйымында жалпы оқу-тәрбие процесінде "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

"Өзін-өзі тану" бағдарламасының осы кезеңін жүзеге асырудың ерекшелігіне тоқталсақ, ол "Рухани жаңғыру" қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталған.


Бағдарлама отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

 

Соңғы жаңалықтар