Жарияланды: 40

Сарапшы кейбір адамдар неге коронавирус жұқтырмайтынын айтты

Сарапшы кейбір адамдар неге коронавирус жұқтырмайтынын айтты

 

Медицина ғылымдарының кандидаты, Ресей халықтар достығы университеті жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Сергей Вознесенскийдің айтуынша, кейбір адамдар COVID-19 жұқтырмауы мүмкін, өйткені олар басқа коронавирус немесе вирустық инфекциямен ауырып шыққан я болмаса жергілікті иммунитеті бар, - деп хабарлайды tengrinews  порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, антиденелер болуы ағзаның ауру қоздырғышпен кездескенін көрсетеді. Бұл жағдайда адамның ауруға, тіпті АИТВ-ға қарсы иммунитеті болады.

"Коронавирус инфекциясын жұқтырмайтын мұндай адамдар қатары көп. Олардың қандай себеппен иммунитетке ие болғанына әлі нақты қорытынды жасалмады", - дейді Вознесенский.

Оның айтуынша, адамда коронавирус тудыратын басқа аурумен ауырғандықтан иммунитет пайда болады. Екінші болжам, вирус инфекциясын бұған дейін жұқтырған, сондықтан интерферондар деңгейі жоғары. Олардың саны көп болса, онда вирус инфекцияларына сезімталдық төмендейді.

Үшінші нұсқа - вирустың тыныс алу шырышты қабатына енуіне жол бермейтін иммунитет, бұл иммундық кешен және жергілікті элементтердің болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін