Сарапшылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру жайын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарапшылар ТМД-ға  мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру жайын  талқылайды

Сарапшылар ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру жайын талқылайды

МИНСК. 24 - шілде. Kazakhstan Today. Минскіде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетінде 2007 жылдың 24 -25 шілдесінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы шешімнің жобасын келісу жөніндегі сарапшылар тобының отырысы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Шiлде 2007
  • 509
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің көші-қон органдары басшыларының кеңесін құру туралы ұсыныс ТМД мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесі мен Достастыққа мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының Санкт-Петербургте 2006 жылдың 16-шы қарашасында өткен лаңкестікпен және экстремизммен күрес мәселелері жөніндегі біріккен отырысында енгізілген.

ТМД Атқару комитетіндегілердің түсіндіруінше, Кеңесті құру жалпы көзқарас, көші-қон процессін реттеу жөніндегі іс-қызметтің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін құру мақсатында ТМД мүше мемлекеттердің көші-қон органдарының мүмкіндіктерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ТМД аясында Достастыққа мүше мемлекеттер тұрғындарын әлеуметтік қорғау, еңбек және көші-қон жөніндегі консультативтік кеңес пен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен комиссиясы сияқты көші-қон мәселелерін қарастыратын құрылымдар бар. «Бірақ, олардың өкілеттілігіне тек көші-қон процессінің жекелеген қырлары ғана кіреді. Сонымен қатар, көші-қон күрделі құбылыс болып табылады, оны реттеу кешенді көзқарасты талап етеді. Бұл ТМД аясында осыған сәйкес өкілеттілігі бар бірыңғай үйлестіруші орган құрудың қажеттілігіне негіздейді. Бұл осы құрылатын кеңес болып табылады»,- деп атап көрсетілген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті