Сарбаздар әйелді арам пиғылды адамнан арашалап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарбаздар әйелді арам пиғылды адамнан арашалап қалды

Сарбаздар әйелді арам пиғылды адамнан арашалап қалды

Орал қаласында Ұлттық ұланның құрамында ефрейтор Жандар Тасболатов, қатардағы жауынгерлер

  • 10 Маусым 2015
  • 611
Фото - Caravan.kz


Дәулет Сұлтан мен Нұрсұлтан Мизамов бар тобы Циолковский көшесіндегі үйлердің бірінің жанында мас ер адамдар зорламақ болған қызды арашалап қалды. 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 маусым күні кешкісін аталмыш топ көмекке шақырған әйелдің даусын естиді. Сол бойда оқиға орнына жеткен жауынгерлер бұзақылардың мас күйінде жәбірленушіні зорламақ болып жатқанын көреді. 
Олардың біреуі шалбарын шешіп те үлгерген. Сарбаздар олардың қолынан қызды жұлып алады. Ұсталғандар Орал қалалық ішкі істер басқармасына жеткізілді.
Қырағылығы үшін аталған топ әскери бөлім басшылығымен ынталандырылды.