Сәрсенбі күні республиканың бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәрсенбі күні республиканың бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады

Сәрсенбі күні республиканың бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады

9 қыркүйек күні Қазақстан аймақтарының көптеген бөліктері антициклон сілемінде болғандықтан  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.  

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 375
Фото - Caravan.kz

Тек республиканың батысы және шығысы арқылы   атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, оңтүстіктің және солтүстік-батыстың кей жерлерінде, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстіктің кей жерлерінде  түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, күндіз Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.        


Соңғы жаңалықтар